Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасында ұрыс шығарған адам енді үйіне кіргізілмеуі мүмкін

Парламент мәжілісінің палата депутаттары «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын қарастыруға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

«Аталған заң жобасы Парламент депутаттары бастамасымен ұсынылып отыр. Бүгінгі таңда отбасылық-тұрмыстық ортада құқық бұзатындардың жауапкершілігін қатайтуға қатысты тиісті шаралар қабылданып жатқанына қарамастан, бұл мәселе өзекті күйінде қалып отыр. Осыған байланысты әзірленген заң жобасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алу мәселесіне айрықша назар аударылды. Осы орайда, заңнаманың мақсаттары мен міндеттері және қағидаттары күшейтілді», - деп мәлімдеді Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова.

Сөзінше, қазір осы мәселеге байланысты бірқатар шараларды жүзеге асыру қолға алынған. 

«Сонымен бірге, отбасында жанжал шығарушылардың мінез-құлқын психологиялық әдістермен түзеудің, қоғамдық бақылау институтын енгізудің тетіктері қарастырылуда. Бұған қоса, полицияның зорлық-зомбылықтың кез келген фактісіне жедел әрекет ету бойынша жауапкершілігі күшейтілуі, сондай-ақ қайғылы жағдайлардың орын алуын болдырмау үшін отбасында өктемдік жасаушыны тұрғын үйден уақытша шығару жөніндегі норма көзделді. Комитет заң жобасымен жұмыс істеуге және 2020 жылғы 23 қыркүйекке дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Әбдіқалықова.

Атап кетерлік жайт, палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасын жұмысқа алыпты.


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы 15 адам тiркелдi: Қазақстанда 584 адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 жағдай тіркелді

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған
Çàãðóçêà...