Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасын рахатқа бөлейді! 25 жыл тарихы бар Juicy отандық бренді туралы не білеміз?

Шаңырағы бар, сүйетін әрі сарыла күтетін адамдары табылатын жан шынайы бақытты. Дегенмен зымыраған уақыт пен жұмысбастылық кезеңде кейде тіпті жақындармен бір дастарханда бас қоса алмай жатамыз. Осындайда отбасында жылдар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен құндылықтардың рөлі маңызды. Осы ретте жақындарды біріктірудің әрі олардың ортасында рахаттанып, тынығудың да тәсілдерді бар. 

Күнделікті бірге отырып кешкі ас не таңғы ас ішу отбасы мүшелерін жақындататыны сөзсіз. Әсіресе, көктем келіп, күн жылынғанда отбасыңмен көкке шығып, сейіл құрып демалғың келеді.  Осындайда шөлді шырынмен қандырып,  дәмді сусын ішіп, бір сергіп алғанға не жетсін!

Бір ұрттам жасағаннан-ақ баурап алатын, шөлді қандырар сусын ешкімді де бей-жай қалдырмайтыны анық. Тіпті салауатты өмір салтын ұстанушылар да бұған тәнті болады. Осы ретте таза табиғи шырынның орны бөлек. 

Шырынды таңдау кезінде не ескеру керек?

Шырынды тетрапак не әйнек бөтелкеде ішу керек пе деп толғанатындар бар. Сапасы жағынан қаптамадағы шырын шыны ыдыстардағы өнімдерінен еш кем түспейді, тіпті олардан асып түседі десек артық емес. Қаптамадағы шырындардың жалғыз кемшілігі - сатып алу кезінде ішін көре алмайсыз. Бірақ мұның да өз артықшылығы бар. 

Тығыз картон қаптамасы сусынды жарық пен күн сәулесінің зиянды әсерінен қорғайтынын бірі білсе, бірі білмес. Күннің көзі сусынның түсін ғана емес, құрылымын да өзгерте алады, сонымен қатар құрамындағы кейбір дәрумендерді жояды. Көбіне қапталмаған шырындар жарықтан зардап шегеді. Олардың қатарында, әсіресе, қызғылт сары түсті сусындар бар.

Тағы бір кең таралған миф, шырындарға қант қосылады деп есептеу. Бұл - жаңсақ пікір. Тек көкөніс шырындарын (қызанақ және т.б.) дайындау барысында өндірушілерге тұздан бөлек, қантты өте аз мөлшерде қосуға тура келеді.

Сапасы жоғары жақсы шырынды таңдау үшін беделді өндіруші компаниялардың өзімізге таныс брендтеріне назар аударған дұрыс. Себебі олар қолданыстағы сапа стандарттарының барлығын ұстанады, қауіпсіздік талаптарын орындайды әрі өнімнің құрамы мен сапасын бақылаушы органдардың  тексерісінен жиі өтеді.

25 жыл тұтынушы көңілін тауып жүрген өнім

Дүкен сөрелерінде қазір шырын түрі көп. Алайда отандық нарықта ойып тұрып орын алар Juicy шырыны бір төбе. Отбасыларға арналған сусын ұзақ жылдар бойы қазақстандықтар көңілінен шығып жүр. Бұл қазақстандық бренд шетелдіктерден кем түспейді, оны премиум сапасындағы қолжетімді бағадағы өнім қатарына жатқызуға болады. 

Juicy тұтынушылар үшін Қазақстанда бірінші болып шырын санаты үшін тетрапак қаптамаларын ұсынды. Яғни компания өкілдерінің сөзінше, осылайша тұтынушылардың денсаулығын ойлап қана қоймай, экологияға зияны тимейтін қайта өңделетін өнім жасаған.

Сапаны бірінші орынға қоятын, уақытпен сыналған қазақстандық өнім өндірушісінен отандық нарықтағы орны жайлы сұраған едік. 

“Біз Қазақстандағы осы бағыттың ең алғашқы жол салушысы болдық. Яғни нарыққа өзгеріс жасайтын, шырындарды категорияға бөлген біз едік. Дәм түрлері көптеген өзгерістерден өтті. Біз негізгі дәмдерден бастадық. Бірақ әрдайым жаңашыл болуға және тұтынушыларды жаңа өнімдерімізбен таңғалдыруға тырыстық. Бізде тіпті көкөніс дәмдері бар шырындар болды. Сондай-ақ, Алматының алмасы мен құлпынайынан  "Туған жер" деп аталатын Juicy дәмдерін жасап шыққанбыз”, - дейді Raimbek Agro LLP Тамақ және сусындар бренд менеджері Зарема Балғабаева.

Қолайлы бағадағы таңдаулы өнім 

Кез келген дүкенге барып сөрелерге назар салсаңыз, кейбір шырындардың дәміне қарай бағасында да айырмашылық барын байқайсыз. Алайда Juicy дәмдерінің алуантүрлілігіне қарамастан, бірыңғай баға саясатын ұстанады екен. 

Juicy дизайнында пайда болған “тәж” сусынның шырын санатында көшбасшы екеніне назар аудартады. Жаңа қаптаманың дизайнының мәні туралы Зарема Балғабаевадан сұрадық. 

Компания өкілдерінің сөзінше, жүргізілген зерттеу жаңа дизайнды тұтынушылардың 92% -ы ұнатқанын көрсеткен, көбі оны заманауи деп санайды екен. Ал сауда орындары өкілдерінің айтуынша, жаңа дизайн тұтынушылар көңілінен шығуда.

Табиғи шырын, қайталанбас дәм

Juicy 1998 жылдан бері 100% табиғи жемістер мен көкөністерді пайдаланып келе жатқан сенімді бренд. Мұнда шырындар мен шырын концентраттарын таңдаулы жемістер легінен жасайды. Juicy-ді дайындау үшін әлемдегі шырындардың іріктелген сорттары: Бразилия, Испания, Израиль, Нидерланды, Эквадор, Үндістан және Польша елдерінің жемістері қолданылады. 

Juicy еш жерде кездеспейтін дәм түрін ұсынады

Juicy-дің жаңа мандарин қосылған шырыны сатылымға әлдеқашан шықты. Бұл – отандық өндірушілердің еш қайсысында таза күйінде кездеспейтін дәм. Аузыңыздан кетпес өзгеше шырынның дәмін алғашқылардың бірі болып татып, рахаттана бөленіңіз!

“Ерекше дәм туралы айтқанда, сондай-ақ бізде үй жағдайындағы газ қосылмаған лимонадтар жасалатынын айта кету керек. Олардың ішінде қарбыз, кинканнан жасалатын шырындар бар”, - деп қосты компания бренд менеджері.

Балалар көңілінен шығар сусын

Әдетте отбасының басы қосылып жинала қалғанда, өмірін смартфонсыз, планшетсіз елестете алмайтын балалардың назарын, көңілін аудару да қиын боп жататыны рас. 

Бастапқы брендтің құндылығын өзіне сіңірген бүлдіршіндерге арналған Juicy Junior
балалар көңілін қалай тауып жүргеніне тоқталайық.

Балалар миниондар бейнесі бар жарқын және әсерлі дизайны арқылы есте қалған әрі осылай сүйікті сусынына айналған шырынға тәнті болды. 

“Әлемге әйгілі Universal компаниясының мультфильм кейіпкерлерін пайдалану үшін зауыт халықаралық ұйымның күрделі тексеруінен өтті. Осылайша, сөреде балалар шырындары дәмі мен сыртқы түрімен жақсы ерекшеленеді”, - дейді Зарема Балғабаева.

3 жастан асқан балаларға арналған Juicy Junior өнімі бүлдіршіндер денсаулығына қамқорлық жасайды, сонымен қатар тамаша көңіл-күй, жарқын эмоция сыйлайды. 

Айта кетейік, Juicy бірнеше рет "Үздік" сапа белгісін алған. Бренд шырын өнімдерінің үздік 5 өндірушісінің қатарына кіреді. Сондай-ақ шырын Қазақстаннан бөлек көршілес ел тұрғындарын да тәнті еткен. Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай нарығына шығып, халықтарылық деңгейге танылып үлгерген отандық шырын үлгісіне айналған.

Талқылау