"Отбасымыздың қорына түсетін қаржы": Демеу Жадыраев мемлекеттен берілетін сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты
Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев олимпиададағы жетістігі үшін мемлекеттен берілетін қаржыны қайда жұмсайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Грек-рим күресінен Париж олимпиадасында күміс жүлде иеленген Демеу Жадыраев мемлекеттен берілетін сыйақыны қайда жұмсайтынын әлі шешпегенін айтты.
“Әлі мемлекеттің беретін сыйақысын алған жоқпыз. Алдымен сыйақыны алайық, сосын көре жатармыз. Бұл отбасымыздың қорына, бюджетіне түсетін ақша болмақ. Сондықтан отбасымызбен ойланып, көре жатамыз. Қажетті орындарға жұмсаймыз”,– деді Демеу.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж олимпиадасында 77 келі салмақта ақтық сынға дейін жетіп, алтын жүлде үшін белдесуде жапониялық Нао Кусакадан жеңіліп қалған еді.
Талқылау

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
Қазақта балалы үйге қай уақытта қонақ бармағанын этнограф Бұлбұл Кәпқызынан сұрап білдік

“Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер”: Мөлдір Мұқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты
Мөлдір Мұқан: "Күйеуімнен қолдау таппадым"