Отбасы марқұм ұлынан 33 жылдан кейін хабарлама алды
АҚШ-тың Миссисипи штатында тұратын отбасы ұлдарының 33 жыл бұрын жазған бөтелкедегі хабарын алды. Сүңгуірлер хатты кездейсоқ тауып алып, оны жеткізу үшін автордың туыстарын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жақында Виксбургтегі кеме жасайтын жұмысшылар Язу өзеніне әдеттегі сапар кезінде біртүрлі бөтелкені тапты. Ер адамдардың бірі оның ішінде хабарлама болуы керек деп ойлап, оны қолына алады және қателеспейді: ішінде хат бар екен.
Ер адамдар бөтелкені ашып, қағазды суырып алды. Қағаз бүлінгендіктен, онда толық не жазылғанын оқи алмайды , бірақ "Даль", "1989", "Оксфорд MS орналасқан жері", "өтінемін", "рахмет" және "қоңырау шалыңыз" деген сөздерді көреді. Барлығы балалардың қолымен жазылған.
Жұмысшылар хаттың авторын табуға шешім қабылдады. Олар жұмыста қалып, хабарлама жіберуі мүмкін баланы іздеп, жақын маңдағы округ мектептеріне қоңырау шалады.
"Біз жазбаның әрбір жыртылған бөлігін қауіпсіз жерде сақтадық, тіпті біреу кездейсоқ лақтырып кетпес үшін оны үстелге жабыстырдық. Біз бұл туралы күні-түні, жұмыста да, үйде де сөйлестік. Бірақ компанияның Facebook-тегі парақшасында жазбаның суретін орналастырғаннан кейін ғана хаттың құпиясы ашыла бастады", – деді бөтелкедегі хабарламаны тапқан жұмысшы Билли Митчелл.
Миссисипидегі Даль отбасы кеме жөндеу зауытының жұмысшыларымен байланысқа шықты. Бұл хатты олардың ұлы Брайан 1989 жылы мектептегі үй тапсырмасы ретінде жазған болып шықты. Ол кезде бала 11 жаста еді. Содан бері бөтелке 320 шақырымды жүріп өтіп, Язу өзеніне жеткен.
Брайнның ата-анасы хабарды өз көздерімен көру үшін жүздеген шақырым жол жүрді. Олардың айтуынша, Брайн қатерлі ісікті жеңген, бірақ 29 жасында апаттан қаза болған.
"Ол өмірде жеңімпаз болды, өйткені ол дос болуды және адамдармен байланыс орнатуды білді. Ол қаза болғаннан кейін де адамдар арасында байланыс орнатуды жалғастыруда", – деді әкесі Эрик Даль.
Жұмысшылар отбасын бөтелкені алғаш тапқан жерге апарды.
"Ұлдары әлі де олармен бірге. Менің ойымша, бұл – оның ата-анасын бақылап тұрғанының белгісі”, – деді Билли Митчелл.