Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде "Отбасы банкті" екінші деңгейлі банктер қатарынан шығарылып, жеке институт ретінде құрылмақ

Мәжілістің жалпы оnырысында депутаттар тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасын қарастырып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үйді бөлу және беру функцияларын “Отбасы банкке” беруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні қолданыстағы заңнама бойынша жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйге есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу және беру бойынша функцияларды жүзеге асырады. 

“Заң жобасы шеңберінде бұл фунцияларды Отбасы банкіне беру ұсынылған. Бұл ретте азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде қалады. Оны тұрғын үй салу және сатып алу арқылы іске асырады", – деді Шарлапаев.

Шарлапев атап өткендей, Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру көзделіп отыр. Сондай-ақ “Отбасы банк” берілетін функцияларды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.

“Отбасы банкіне аталған функцияларды беруді ескере отырып, оны екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару көзделіп отыр. Сәйкесінше, Отбасы банк банктік және басқа да операцияларды тиісті лицензиясыз жүзеге асыратын болады”, – деді ол. 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі және Ұлттық Банк Отбасы Банкіне қатысты мынадай қадағалау функцияларын сақтайды:

  • Қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтарын қорғау;
  • Валюталық реттеу және бақылау, қаржылық және өзге де есептілікті алу;
  • Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
  • Ақша-кредит статистикасын және қаржы нарығының статистикасын қалыптастыру үшін есептілік деректерін жинау;
  • Бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және тағы басқа.
Талқылау