Соңғы жаңалықтар

"Отанымды сағындым. Бұл жерде үлкен белестерді бағындыруға болады": Қазақстандық ғалым АҚШ-тан елге оралды

Қазақстандық жас мамандар елге оралуда. Өзінің мемлекетіне пайда әкелетін ойы болып, қайтқандардың қатарында Мейрам Мырзаболатов та бар. АҚШ-та білім алып, онда жұмыс істеген компьютер ғылымдарының докторына Қазақстандағы беделді университеттердің бірінен шақырту келіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап.

Мейрам Мырзаболатов АҚШ-тан келгеніне көп болған жоқ. Ол Америка елінде соңғы жеті жыл бойы өмір сүріпті. АҚШ универсетитетінде компьютер ғылымдарының докторы атанып, елге оралған. Қазіргі таңда Мейрам Қазақстанның университетінде сабақ береді. 

"Бес жыл бойы Пенсильвания штатында докторантурада білім алдым, одан кейінгі 2 жыл сол білім орнында дәріс бердім. АҚШ-та жүріп мен теңдессіз тәжірибе жинадым. Бұл жерде жүргенде маған бірнеше ой келді, сол себепті Қазақстанға оралып, оны еліммен бөліскім келді. Отаныма пайдамды тигізгім келді. Оған қоса өзімнің туған жерімді сағындым. Бұл жерде үлкен белестерді бағындыратыныма сенімдімін", - деді Назарбаев университетінің компьютер ғылымдарының кіші профессоры Мейрам Мырзаболатов.

Мейрам алдағы уақытта жасанды интеллекті құрастыратын және оны зерттеумен айналысатын өзінің жеке зертханасын ашқысы келетіндігін жеткізді. Сөзінше, бүгінгі күні бұған барлық жағдай жасалған: керек десеңіз бұл туралы кітаптар тауып, қажетті жабдықтарға да қол жеткізуге болады. Бірақ ол мектеп оқып жүрген кезінде жасанды интелект туралы ақпаратқа қол жеткізудің өзі қиынның қиыны болған. Дарынды IT маманы Қазақстан енді ғана тәуелсіздік жолына тұра бастаған кезде 1992 жылы бірінші сыныпқа барыпты.  

"Мектептерде жылу және электр жүйесі жағынан біраз қиыншылықтар бар еді. Бұған қоса оқу орындарында қарапайым  құрал-жабдықтар жетіспейтін. Кітап, дәптер тапшылығын айтпай-ақ қояйын. Біз оны өз көзімізбен көрідк қой", - деді Мейрамның әкесі Асқар Мырзаболатов. 

Қалың жұрт 90-шы жылдары қалай аяққа тұруды ойлап жүргенде Мейрамның ұстаздық жолында қызмет еткен ата-анасы мемлекеттің болашағы білімді жастардың қолында екенін бірден ойлапты. Сондықтан олар баласының біліміне аянбай күш-жігерлерін жұмсапты. Дегенмен олар баласын оқы деп қинамаған, тек дұрыс бағыт-бағдай беріп отырыпты. Мейрам 16 жасында мектепті "Алтын белгімен" бітіріпті. 

"Мен мәселеден қашпай, оны бірден шешу қажет екенін түсінетінмін. Ал бұған ғылым көмектесе алады. Менің оқыған әрбір кітабым, мен қатысқан әрбір жарыстар мен олимпиадалар алдымнан жаңа есіктер ашты. Талпынысымның арқасында Американың университетіне түсе алдым. Қазір өзімнің шәкіртерімнің құлақтарына үнемі осыны құйып оытрамын", - деді Мейрам. 

Жыл сайын жүзден астам қазақстандық студент халықаралық "Болашақ" стипендиясын иеленіп жатады. Бұл мемлекет тарапынан жастарға арналған қолдау олар үшін әлемнің беделді ЖОО-да білім алуға мүмкіндік береді. 



 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі дәрігер ұзақ өмір сүрудің жолдарын айтты

Ол миға салмақ салмауға кеңес берді

DVD ойнатқышы үшін баланы бауыздап тастады: Қарағанды ​​облысының тұрғыны көршісінің қызын өлтіргені үшін сотталып жатыр

Ата-анасы үш жасар қызды көршісіне қарай тұруға тастап кеткен

Белгісіз дертке шалдыққан ақтөбелік арудың жағдайы нашарлап бара жатыр

Ақтөбелік келіншекке дәрігерлер бірнеше жылдан бері дұрыс диагноз қоя алмай келеді

Жиырма жылын жұмсаған: Ер адам өз қолымен құрастырған ұшақты сыйға тартты

Үш қабатты ұшақтың ішінде бірнеше қонақ бөлме, жатын бөлме бар

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамды атады

Бұл жолы Amazon компаниясының басшысы рейтингтегі бірінші орнын француздық бизнесменге берді

Алматыда қисайып қалған үйдің тұрғындары пәтерлеріне оралады: зерттеу қорытындылары пайда болды

Үш айға созылатын жөндеу жұмыстарынан соң, үй иелеріне қайтарылады

Үйден емделуге кеңес берген: Елордада 8 жасар бала қайтыс болды

Дәрігерлер баланы ауруханаға алып барғанда үйге қайтарып жіберген

СҚО-да ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз сабап өлтірген

Екі рет сотталған, жұмыссыз болған ер адам әйелінің есебінен күн көріп келген

Жаңа жыл мерекесінде алып шошқалар өз иесін жеп қойған

Көршісі үйдің ауласынан шашылған сүйектер мен бассүйек сынықтарын тапқан

"Сыртынан құлыптап кеткен": ШҚО-да болған өрт салдарынан үш бала ажал құшты

Ішімдікке тойып, үйден шығып кеткен әкесін іздеймін деп шешесі үйдегі балаларын қамап кеткен
Çàãðóçêà...