Отандық БАҚ-та латынша жазылған алғашқы мақала жарық көрді
Шығыс Қазақстан облысының «Семей таңы» газетінде латын әліпбиінде жазылған алғашқы мақала жарық көрді. «Semej Tangy» gazeti uezhin latyn aelipbi zhat emes» («Семей таңы» газеті үшін латын әліпбиі жат емес») атты мақалада автор латын әліпбиіне көшуге ескі дәстүрге қайта оралу деп баға берген, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Ағымдағы жылдың мамыр айында жүз жылдығын атап өткен бұл басылым үшін латын әліпбиі жаңашылдық емес. Себебі 1917-1930 жылдары «Сарыарқа», «Қазақ тілі», 1930-1935 жылдары «Жаңа ауыл», «Қызыл дала», «Социалды Шығыс» атауымен елге таралған газет латынша жарық көрген. Сондықтан да латыншаға көшу ескі дәстүрге қайта оралу дейді мұндағы журналистер.
«Елбасының бастамасын қолдап, латын графикасымен таңбаланған мақаланы жарыққа шығардық. Оны дайындауға шамамен бір сағат уақыт кетті», – дейді мақала авторы, басылым басшысы, ШҚО облыстық мәслихатының депутаты Риза Молдашева.
Молдашеваның айтуынша, бүгінде қазақ тілін латыншаға көшіру үшін экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан барлық жағдай жасалып отыр.
«Қазақ әліпбиін кириллицадан латыншаға көшіру – ұлтты біріктіріп, ғылыми-техниканың дамуы мен Қазақстанның әлемдік заманауи коммуникациялық процесстерге еніп кетуіне жол ашады», – деп атап өтті журналист.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандыда 11 жасар баланы ұрып-соққан бұзақылар жазасыз қалды
Алматылық альфонс 11 әйелді сан соқтырып кеткен
Қызылордалық оқушылар мектепке жеткенше екі рет киім ауыстыруға мәжбүр (фото)
Ақтөбеде зираттардың аукцион арқылы сатылуы жұрттың ашуын туғызды