Отандық актриса қамыр жайған сәтін жүктеймін деп дауға қалды (видео)
Актриса Анара Батырхан көрерменге Айнура Офишл лақап атымен жақсы таныс. Көпшілік Анарды Instagram-нан шықпайтын, қолынан ғаламторда отырудан өзге ештеңе келмейтін кейіпкер ретінде біледі. Алайда бұл бар болғаны Анардың кинодағы образы ғана, деп жазады Stan.kz тілшісі.
Шынайы өмірде Анара Батырхан саусағынан бал тамған аспаз болып шықты. Оны Instagram желісіне жүктелген мына видеодан байқауға болады.
“Қонаққа ертерек келіп, құрбыларыма осылай көмектесіп қоямын кейде”, – деген Анардың жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Видеоның астына пікір қалдырған оқырмандар санында шек жоқ. Олардың бір тобы “Инстаграмщица” Анарды нағыз қазақ келінінің образында көргеніне қуанса, ендігілері тырнақ астынан кір іздеп, сынға алды.
“Қазақтың қыздары 8 қырлы, 1 сырлы. Интернетке де, үй шаруасына да, сабаққа да, жұмысқа да, қыдыруға да үлгереді. Жасасын қазақ қыздары”, – деп қолдады оқырмандардың бірі.
“Басыңызға орамал тартсаңыз болар еді, уақытша болса да, қамыр біткенше, содан кейін онсыз да лақтырасыз ғой”, “Қамырдың ішіне қанша шаш түсті екен? Орамалсыз ас үйге кіруге болмайды” – деп сынады екіншілері.
Жіберіп алмаңыз:
Жандарбек Бұлғақов бірнеше жыл бойы айтыстан шеттетіліп келгенін айтты
Меруерт Өтекешова, Қанат Ислам және Әсел Сәдуақасова мемлекеттік марапатқа ие болды
Баян Мақсатқызы Ақботаның “Гламур для дур” фильміндегі қаламақысын бермей қойған