Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көрермендердің таңдауы отандық туындыларда": "Қазақтелеком" TV+ платформасы мобильді аудиториясының саны артты

"Қазақтелеком" АҚ мен Salem social media компаниясы бірлесіп шығарған "Қара аула", "Қарға", "Шеше" және "1286" отандық сериалдары биыл TV+ платформасының бестселлеріне айналды. Көрермендер отандық туындаларды TV+ платформасынан тамашалап жатыр. Енді компания алдағы уақытта осындай туындыларды түсіруді жалғастырып, тағы да тұтынушыларын қуантуды жалғастырмақ. 

"Қазақтелеком" АҚ мен Salem social media-ның алғашқы бірлескен жобасы "Қара аула" криминалдық драмасы.  Оның көрсетілімі биыл 25 мамырда TV+ платформасында басталған болатын. Мұнда қылмыс әлемінде жетістікке жетеміз деп ойнап жүріп, от басқан жасөспірімдер жасаған қателіктерінің салдарымен бетпе-бет кездеседі. 4 желтоқсанда бұл телехикаяны "Қазақтелеком" платформасының 157 мыңнан астам пайдаланушысы тамашалаған.

Тамыз айында шыққан, балалар үйі тәрбиеленушісінің тағдыры туралы "Қарға" драмасы да қазақстандық көрермендердің көңілінен шықты. Туындыны үш айдан аз уақыт ішінде 114,6 мыңнан астам адам көріп шыққан. 

"Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев TV+ экрандарына қатерлі ісікке шалдыққан көп балалы ананың аурумен күресін баяндайтын "Шеше" туындысының да көрерменнің көзайымына айналғанын алға тартты.

"Мұнда анасы кәмелетке толмаған балаларына қайтыс болмай тұрып тез арада үй салуды мақсат еткен. Бір жарым ай уақыт ішінде бұл драмалық сериал 50 мың қаралым жинаған. Ал қазіргі уақытта "Қазақтелеком" АҚ мен Salem social media бірлескен өнімі – "1286" телехикаясы шығуда. Мұнда оқиға құлдыққа түсіп қалған жас дәрігер туралы баяндалады. Алғашқы сериялары тек 14 қарашада жарияланғанымен, 41 мыңнан астам қаралым жинады. Отандық контент көрерменнің сұранысына ие екені анық. Сондықтан болашақта "Қазақтелеком" осындай туындылардың санын көбейтуге ниетті", - деді Қуанышбек Есекеев.

Басқарма басшысы Salem social media-мен бірлескен жобалар аудиторияның қызығушылығын арттырғанын айтады. 

"Бұл күткенімізді толығымен ақтап, тіпті асып түсті. Бастапқыда осы жобаларда басты кейіпкерлердің күрделі тағдыры, олардың өмірдегі ең қиын жағдайдан абыроймен шығуға көмектесетін мінез-құлқына баса назар аудардық. Сонымен қатар, сюжеттік желіні шынайы өмірге барынша жақындатуға тырыстық. Меніңше, бұл комбинация үлкен аудиторияны қызықтырды. Біз бұл бағытты келесі туындыларымызда да жалғастырамыз. Олардың санын көбейтеміз", - деп қосты ол. 

Осы тұста көрермендердің отандық контентке қызығушылығы қазақстандықтардың TV+ мобильдік қосымшасын өз смартфондарына жүктеп алуының артуынан байқалады.  

"Қара аула" телехикаясы жарияланған сәттен бастап (25 мамыр) желтоқсан айының басына қарай мобильді қосымшаны жүктеу саны 325,9 мың, "Қарга" сериясы шыққан сәттен бастап (31 тамыздан бастап) – 208,8 мың, "Шеше" сериалы пайда болғаннан кейін (11 қазан) мобильді гаджеттерге қосымшаны 26,6 мың пайдаланушы жүктеген. Ал "1286" сериалын көрсету кезінде (14 қарашадан 4 желтоқсанға дейін) жүктеулер саны 13,8 мыңнан асты. 

"Қазақтелеком" АҚ бөлшек сауда бизнесі дивизионының бас директоры Игорь Погребицкий TV+ платформасының алғашқы бір жарым жылында үш еседен астам көрсеткіш бергенін алға тартты.

"Егер 2022 жылдың соңына қарай мобильді құрылғыларға біздің өнім 660 мыңнан астам көлемде жүктелген болса, биыл қазан айында IOS иелері TV+ қосымшасын мобильді құрылғыларына 550 мың рет жүктеді, ал Android иелері отандық платформаны 1,4 миллионнан астам рет жүктеді. Яғни, биыл мобильді қосымшаны жүктеудің жалпы саны 2 миллионнан асты. Бұл өткен жылдың соңындағы көрсеткіштен үш есе көп. Біз мұны, басқалармен қатар, өз контентіміздің пайда болуымен байланыстырамыз. Өйткені TV+ - ке жаңа қазақстандық туындылар шыққан сайын, біз мобильді қосымшаны жүктеудің кезекті өсуін байқап отырмыз ", - деді Игорь Погребицкий. 

"Қазақтелеком" АҚ бөлшек бизнес дивизионы мобильді қосымшаға деген қызығушылықтың артуы бойынша  статистиканы жариялады. Мұнда 2022 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін айына орташа өсім 25,1 мың жүктеуді құраған. Ал 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында, яғни өз контентін іске қоспай тұрып 10,2 мың жүктеуге дейін төмендегені. Бірақ мамырдан шілдеге дейін, "Қара аула" сериалы шыққан кезде, айына 183,3 мың жүктеуге дейін өсті, ал қыркүйек пен қараша аралығында "Қазақтелеком" платформасының контенттік желісі тағы бірнеше отандық телехикаямен толыққан. Осы кезде айына 209,7 мың жүктеу көрсеткішіне жеткен. Нәтижесінде, 4 желтоқсанға қарай қосымшаны жүктеудің орташа айлық саны 119,7 мыңды құрап отыр.

Игорь Погребицкий  жаңа контенттің арқасында нәтижелерді одан әрі жақсарту жоспарда бар екенін атап өтті. Айтуынша отандық контент есебінен өнімді пайдаланушылардың жалпы саны күрт артқан.

"Егер 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы аудиторияның өсімі 76 мың адам деңгейінде болса, биыл біз бұл көрсеткішті үш есеге жуық көбейттік. Ал "Қара аула", "Қарга", "Шеше" және "1286" бізге платформаға 130 мыңнан астам жаңа ақылы жазылымдар сыйлады. Сондықтан біздің өз контентімізді жасауға қатысты жаңа бағытымыз компания үшін де, қазақстандық көрермен үшін де бірдей нәтижелі болмақ", - деп түйіндейді ол.

Талқылау