Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық телеарна Назарбаев даңғылын ескі атауымен атады

Республикалық телеарна Алматыдағы Назарбаев даңғылын ескі атауымен атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік "Хабар 24" арнасының эфирінде тележүргізуші Назарбаев даңғылын ескі атауымен – Фурманов деп атады. Ақпараттық сюжет кеше қаладағы антитеррористік операция кезінде жабылған көшелер жайлы болған. Алайда орыс тіліндегі шығарылымда даңғыл қазіргі атауымен аталған. 

Телеарнадағылар болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олар мұны техникалық қателік деп бағалады.

"Көшелердің атын ауыстыратындай құзыреттілік бізде жоқ. Редакция мұның қалай болғанын анықтап, қателікпен жұмыс істейді", – деп хабарланды телеарнадан.


"Жол белгілеріндегі Нұр-Сұлтан атауы Астана деп өзгертілуде": Қазақстандықтар Қарағандыда түсірілген суретті қызу талқылап жатыр


Айта кетейік, 2017 жылға дейін Алматыдағы бұл көше кеңестік жазушы Дмитрий Фурмановтың атында болған. Сол жылы Назарбаев даңғылы болып өзгертілді. 2019 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы президент постынан кеткеннен кейін, ел астанасының атауы Нұр-Сұлтан деп ауысты. 

Ал 2022 жылдың қаңтар айында болған қанды қырғыннан кейін, қазақстандықтар елордаға бұрынғы атауын қайта беруді талап етуде. Ұйымдастырушылар арнайы петиция құрды. 

Талқылау