"Былғанған актерлер": Отандық кинорежессер Ермек Тұрсынов комедия актерлерін сынап тастады
Арзанқол комедияларға түскен актерлер "былғанған". Міне, осындай мәлімдеме жасаған белгілі режиссер Ермек Тұрсынов комедиялық фильмге түскен актерлер менің туындыларыма шақырту алмайды деп отыр. Осыған қатысты басқа да киногерлер не айтады екен? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ревю бағдарламасына сілтеп хабарлайды.
Режиссер Ермек Тұрсынов:
"Кастинг басталғаннан бірден сұрақ қоямын. Осындай арзан киноларға түстің ба, "былғанып" қалдың ба, онда маған өте алмайсың", - деген режиссер комедия жанрда ойнайтын актерлерді қатты сынап тастады.
Тұрсыновтың бұл пікірімен Әділхан Ержанов келіспейді. Киногер талай туындысына комедияда бой көрсеткен актерлерді түсірген-ді.
"Шынымды айтсам менің жобаларым ауқымды емес. Сондықтан үлкен кастингтер ұйымдастырмаймын. Тек кейіпкерлердің образдарын шығар алатын актерлерді өзім іздеймін", - дейді Ержанов комедия жанрда ойнап жүрген бірқатар актерлер туралы былай дейді:
"Сөзінің жаны бар, бірақ көзқарасым өзгеше. Көптеген комедияда ойнаған Данияр Алшыновтың ол фильмдерін көрген жоқпын. Тек "Районы" киносындағы драмалық образын көрдім. Меніңше ол актер ретінде барлық жанрды қамти алады", - деген ол Алшыновты біраз мақтады.
Данияр Алшынов та Ермек Тұрсыновтың бұл пікірімен келіспейді. Шығармашылығын комедиядан бастаған ол біліктілікті арттыру үшін актер өзін әр жанрда сынап көру керек деген ұстанымда:
Еске салсақ, Данияр Алшынов Әсел Сәдуақасованың "Келинка тоже человек", ""Все из за мужиков", "Больше чем кино" сынды туындыларында төбе көрсеткен.
Данияр Алшынов:
"Сондықтан Ермек Тұрсыновтың туындыларында Роберт Паттинсон, Адам Сэндлер ешқашан түспейді. Себебі ол актерлердің барлығы комедия жанрынан бастаған", - деп қысқа қайырды.
Тәуекел Мүслім болса Ермек Тұрсыновтың пікірімін келсіп қана қоймай, оның киносына түсу арманы екенін айтып қалды.
"Мықты режиссердің туындысына түскім келеді. Шақыру түсіп жатса мен одан бас тартпаймын", - дейді актер.