Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кейбір орындар өзге планета секілді көрінді": Қазақстан азаматы Google Maps-та еліміздің таңғажайып көріністерімен бөлісті

Отандық дизайнер Берік Ерғалиев Google Maps-тен Қазақстанның таңғажайып ғарыштық суреттерін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Менің сүйікті ермектерімнің бірі — Google Maps-ты ақтарып, қашықтағы және белгісіз аралдарды (мен үшін) табу, қарап, осы орындар туралы википедиядағы мақалаларды іздеу немесе YouTube-тан роликтер іздеу. Мені әрдайым олардың әр түрлілігі және жаңашалығы таң қалдырды, әр бұрыш өзінше бірегей. Спутниктің фотосуреттері өзінің ерекше эстетикасына ие. Олардан біз табиғаттың ғажайып дизайнын - түстерді, өрнектерді, градиенттерді шынымен бағалай аламыз. Сол кезде мен туған Қазақстаным аясында ешқашан дәл солай жасамағанымды ойладым", - деп жазды Берік Ерғалиев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Оның сөзінше, ең алғаш үш жыл бұрын отбасыммен Ан-24-пен Алматыдан Алакөлге ұшып барғанда осындай ой пайда болған. 

" Ан-24 қазіргі заманғы ұшақтар сияқты жоғары көтерілмейді және бүкіл ұшу кезінде мен терезеден қарап отырдым", - дп жазды ол.

Алайда, ол іздеу алдында аздаған күмәні болғанын мойындады.

"Мен іш пыстырарлық және біркелкі болады деп ойладым, елдің үштен бірі даладан тұратынын еске салып өтейін. Күмән расталмады. Ең қызықты принтскриндер жасадым. Кейбір орындар өзге планета секілді көрінді", - деді дизайнер.

Қарағанды облысы, Балқаш көлі

 

Баянауыл ауданы

Арал теңізі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы

Батыс Қазақстан облысы

Ұлытау ауданы

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр