Отандық әнші қатысқан тойдың видеосын қазақстандықтар қызу талқылауда
Ақтөбеде қазақстандық әнші қатысқан тойды желі қолданушылары қызу талқылауда. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Видео әнші Гүлнұр Оразымбетованың Instagram-дағы парақшасында пайда болды.
Ақтөбе облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті видеоға түсініктеме берді. Департамент видео шамамен бір жыл бұрын түсірілгенін хабарлады.
"Арнайы жедел топ Ақтөбедегі "Әл Мирал" мейрамханасына мониторинг жүргізіп, оның барысында эстрада әртісі Оразымбетованың қатысуымен өткен мерекелік шараның 2019 жылдың 15 қарашасында өткенін анықтады. Топ мүшелерінің айтуынша, мейрамхана әкімшілігіне қатысты ешқандай шара қолданылмайды, өйткені видео автор мұрағатынан алынған. Осы мереке өткен кезде ДДҰ пандемия жариялаған жоқ", - деп хабарлады ресми өкілдер.
Талқылау