Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өскенде міндетті түрде барамын”: Оңтүстік Кореяда мектеп оқушыларына Қазақстан туралы айтылды

Оңтүстік Кореяда оқушыларға Қазақстан туралы айтылды. Балаларға Қазақстан мен Кореяның қарым-қатынас тарихы жеткізіліп Қазақстан шоколадтары табысталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан елшілігінің өкілдері Хангук шет тілдер университетінде жазғы тіл лагеріне қатысушылармен кездесу өткізді. Мұнда 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізген Пхенчхан округінің бастауыш және орта мектебінің 50 оқушысы болды.

Балалар қазақ шоколадынан дәм татып, қазақ тіліндегі негізгі сөз тіркестерін үйренді. Дипломаттар студенттерді Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынас тарихымен таныстырды. Мектеп оқушылары елімізге арналған викторинаға қатысты. Жеңімпаздарға сыйлық ретінде ұлттық нақыштағы кәдесыйлар табысталды.

“Қазақстанның жақсы мемлекет екенін және онда жақсы адамдар тұратынын білдім. Өскенде міндетті түрде барамын”, – деді бастауыш сынып оқушысы Ким Му Сон.

“Бүгін мен Қазақстанда 19 миллион адам тұратынын және бұл елдің қызықты мәдениеті мен жас астанасы бар екенін білдім”,-  деді бастауыш сынып оқушысы Ким Со Ён.

Талқылау