Өскеменнің бұрынғы әкімі көз жұмды
19 желтоқсан күні кешке Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Вера Сухорукова қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Вера Сухорукова 1999 жылдан 2003 жылға дейін Өскемен қаласының әкімі болып жұмыс істеді. Сондай-ақ ол әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы экономика басқармасының бастығы және "Ертіс "ӘКК "ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2014 жылдан бастап "Азия Авто" АҚ төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Жергілікті БАҚ Вера Сухорукованы "Темір ханым" және "Шығыс Қазақстан саяси аренасының Ангела Меркелі" деп атайды.
"Шынымды айтсам, Жезқазғанда жұмыс істеген кезде маған бизнеске қатысуды ұсынды. Бізге көмектесіңіз, біз сізге көмектесеміз. Мен сол кездің өзінде-ақ бизнеске, билікте жүргенімдей қызығатынымды анық түсіндім. Сондықтан әрқашан әмияныма қарағанда беделіме мән бергенді жөн көрдім. Жалпы, мемлекеттік қызметші капитал тауып, бизнестен келуі керек деп есептеймін. Өмір барлық шенеуніктің заңдарды бұза отырып, үлкен тәуекелге баратынын көрсетті. Әділ соттың күші жетпейтін нәрсе жоқ. Өкінішке орай, мұны бәрі бірдей түсінбейді", - деді Вера Сухорукова 2015 жылы yk-news.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
