Өскемендіктер зират айқыштарының дәретхана құрылысына пайдалануына наразалық білдірді
Фото: yk-news.kz
Өскемендегі "Жаңа Примыкание" зиратында болған оқиға тұрғындардың наразылығын тудырды. Әлеуметтік желіде тараған фотосуреттерден көше дәретханасының іргетасына қабір айқыштарына ұқсас тақтайлардың төселгені анық көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Уk-news.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, жергілікті халық пен марқұмдардың туыстары бұл жағдайды қайтыс болғандардың рухына жасалған үлкен құрметсіздік деп бағалап отыр. Тұрғындардың пікірінше, айқыштарды құрылыс материалдары ретінде қолдануы моральдық-этикалық нормаларға қайшы келеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл айқыштар қараусыз қалған немесе ескі зираттардан алынған болуы мүмкін. Алайда зират әкімшілігі әзірге оқиғаға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.
Қазақстанда зираттағы орындарды сатқандарға айыппұл салынбақ
Алматы облысының тұрғыны "дінімізге қайшы" деп зиратты қиратып тастаған (видео)
Еске салайық, бұған дейін туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев бірнеше жылдан бері жол бойындағы дәретхана тапшылығы 490-нан 190-ға дейін азайғанын айтқан еді. Алайда санитарлық тораптарды орнату жергілікті әкімдіктердің құзырында. Министрлік тек ескертіп, тексеріс жүргізе алады дейді вице-министр.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
