Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі Үлбі өзенінен із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы жігіттің денесі табылды

Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінен із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 маусым күні жасөспірімнің жоғалғаны туралы полицияға хабар түсті.

Белгілі болғандай, ол үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

"Зейнеткер тәртіп сақшыларынан немересін тауып беруді сұрады. Жедел-іздестіру жұмысына еріктілер де атсалысты. Соның нәтижесінде 17 жастағы жігіттің денесі Үлбі өзенінен табылған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бірқатар медициналық сараптама тағайындалды. Жасөспірім өліміне не себеп болғаны соның нәтижесінен кейін анықталады.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 09 Маусым, 2022 21:34
Талқылау