Өскеменде жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған 81 жастағы әжені аман алып қалды
Өскемен қаласында жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған 81 жастағы әжені аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, "103" жедел арнасы қоңырау шалған әйел анасының өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Бірден сол жерге жедел жәрдем қызметкерлері жолға шықты.
"Фельдшерлер Ерасыл Алтайұлы мен Тілеген Төлепбергенов үйге 10 минут ішінде келіп жетті. Тексеру кезінде 81 жастағы әженің жағдайы кенеттен нашарлап, жүрегі тоқтап қалған", – делінген ақпаратта.
Сол кезде жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Абырой болғанда, содан кейін әженің жүрегі қайта соғып, тыныс ала бастады.
Ауруханаға жеткізілген соң қарт кісінің жағдайы оңала бастады. Қазір оның көңіл-күйі жақсы.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді