Өскеменде вакцина алған тұрғындар арасында автокөлік ойнатылады
Вакцинаның бірінші немесе екі компонентін алған 18 жастан асқан Өскемен қаласының барлық тұрғындары Chevrolet Nexia автомобилінің ұтыс ойынына қатыса алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.
Ұтыс ойынына 2021 жылғы 1 ақпанынан бастап Өскемен емханаларының бірінде немесе көшпелі вакцинация пункттерінде COVID-19-ға қарсы вакцина алған барлық тұрғын қатыса алады.
Ол үшін сайтқа тіркелу қажет. Ары қарай аты-жөнін, ұялы телефон нөмірін және вакцинаны алған орнын көрсету керек. Бұдан соң науқанға қатысушыға автомобиль ұтыс ойыны өткізілетін бірегей алты таңбалы нөмір беріледі.
Ұтыс онлайн режимде, әлеуметтік желілерде трансляциялану арқылы өтеді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін конкурстың барлық кезеңдерін қадағалайтын тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылады. Комиссия құрамына кіргісі келетіндер мына телефон нөмірі арқылы өтініш бере алады: +7 776 433 3367.
Ұтыс ойынына қатысуға комиссия мүшелеріне, сондай-ақ Өскемен қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері мен отбасы мүшелеріне қатысуға тыйым салынады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
