Өскеменде үй саламыз деп 1,8 миллиард теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшылары ұсталды
Қаржы мониторингі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті үй саламыз деп 1,8 млрд теңге жымқырған құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Өскеменде екі күдікті 102 азаматты алдап, құрылысқа үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарт жасаған. Олар үй саламыз деп 1,8 миллиард теңге жымқырған. Ал тұрғын үй нысанының құрылысы созбалаңға түскен.
Мерзімдері бірнеше мәрте ұзартылғанымен, көппәтерлі үй кешенінің құрылысы аяқталмапты.
Компаниялар заң талаптарын бұзғанын және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағанын атап өткен жөн.
“Бүгінде күдіктілер соттың санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккен азаматтарға қаражаттары қайтарылады”, – деп мәлімдеді ҚМА.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"