Өскеменде пара алудан бас тартқан полицейлер марапатталды
Өскеменде пара алудан бас тартқан полицейлер марапатталды. ШҚО жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, жол жүру ережесін бұзған жүргізушілер тәртіп сақшыларына ақша ұсынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жүргізушілер айыппұлдан құтылу үшін полицейлерге істі бейбіт, көбінесе заңсыз жолмен шешуді ұсынады. Яғни пара береді. Жемқорлыққа қарсы қызмет пара алмаған тәртіп сақшыларын марапаттауды жөн көрді", - деп атап өтті жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.
Марапатталғандардың бірі - Әлихан Балапанов. Айтуынша, кей жүргізушілер қылмыстық жауапкершілік туралы ескертулерге қарамастан, мәселені ақшамен шешуге тырысады.
"Жол ережесін бұзған азаматтардың бірі хаттаманы толтыру кезінде ақша ұсынды. Біз ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын, мұның пара беру деп саналатынын ескерттік. Соған қарамастан, аталған азамат ақшалай сый беру туралы ойынан қайтпады. Біз бұл фактіні тіркеуге алып, тиісті орындарға хабарладық", - дейді Әлихан Балапанов.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
