Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде өзін өртеген 21 жастағы жігіт науқас қыз үшін 5-қабаттан секіріп кетті

Өскеменде Антон Росс есімді 21 жастағы жігіт өзін-өзі өртеп, бесінші қабаттан төмен қарай құлдилаған.

00000

Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

21 жастағы сиқыршы бұл әрекетті елдің назарын науқас қызға аудару үшін жасапты. Осы әрекеті арқылы ол онкологиялық ауруға шалдыққан 14 жастағы Ольга Котляроваға көмектескісі келеді.

Антон қауіпті әрекетті 26 қараша күні жасаған. Арнайы киім киген жас жігіт, бесінші қабатта тұрып, өзін өртеп төмен қарай қар үйіндісінің үстіне секірген. Ол жерге түскен кезде достары лаулаған отты қармен сөндірген.

“Қолымда аздап жарақаттап алдым, бірақ жарақат айтарлықтай емес”, – дейді Антон.

Оқиға әртүрлі ракурстағы камералар арқылы түсіріліп алынған. Антонның айтуынша, кімде-кім Ольгаға көмектескісі келсе, мына мекен-жай арқылы оның жағдайымен таныса алады: https://www.instagram.com/olya_help/

Оқи отырыңыз:

Кәсіпкер Бауыржан Оспанов Асқар Жұмаділдаевқа көлік мінгізді

Қостанай облысында 8 баланы асырап алған отбасыға жаңа баспана берілді

13 жасқа толған ақын бала Жамбыл қалыңдық айттырып сырға салды

Талқылау