Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде қызды құтқару үшін әскери қызметкер мұз қатқан Ертіс өзеніне секірген

Өскеменде Ұлттық гвардияның әскери қызметкері Ертіс көпірінен секіріп өзін-өзі өлтірмекші болған бойжеткенді құтқарып қалды.

Безымянный

Фото: altaynews

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Ер адам өзенге секіріп түсіп, мұзды судан зардап шеккен қызды құтқарып шыққан.

ҚР Ұлттық гвардиясы “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 3477 әскери бөлімінің екі қызметкері сол кезде Ертіс көпірінде болған. Кездейсоқ жүргіншілер оларға көпірден қыздың секіргенін айтып, көмектесулерін сұраған.

20161207save2_0

Фото: Виктор Абакумов

Бірден өзенге секірген кіші сержант Әділет Қыдырмолдин қызды судан алып шыққан. Сол жердегі куәгерлер қызға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіпті. Қыз ауруханаға жатқызылған.

“Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қыздың неліктен ондай қадамға барғаны белгісіз”, – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Ал батыл қадамға барып, өмірін бәйгеге тіккен әскери қызметкердің мемлекеттік марапатқа ұсынылу мәселесін әскери бөлімнің басшылығы шешеді.

Оқи отырыңыз:

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апаты кезінде көмекке ұмтылған жолаушының өзі ажал құшты

Ақтауда жас жігітті қаққан автокөлік оны бірнеше метрге дейін сүйреп кетті (видео)

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

Талқылау