Өскеменде коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізіледі
Өскеменде кинотеатрлардың, театрлардың, мұражайлардың, мәдениет объектілерінің, сондай-ақ фитнес-орталықтардың, тренажер залдары мен спорт кешендерінің қызметіне тыйым салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, шектеу шаралары облыстың барлық аумағында 28 қазанда 00:00-ден 11 қарашада 00:00-ге дейін енгізіледі. Атап айтқанда, ШҚО бас санитар дәрігері Марат Исмаилов Өскеменде, Семейде 402 алаңда (Өскемен-200, Семей-202) 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен – 23, Семей-17) қоғамдық тәртіпті сақтау және бақылауды жүзеге асыруға қаулы етті.
Әртүрлі іс-шараларды, жиындарды және өзге де іс-шараларды өткізуге, облысішілік автобус және өзге де жолаушылар тасымалдарының жұмыс істеуіне тыйым сақталады.
"Халықтың көшелермен жүруіне және саябақтарға, скверлерге, алаңдарға, жағалауларға, серуендеу аймақтарына, маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке немесе үш адамнан аспайтын топтарға баруға рұқсат етіледі", - делінген құжатта.
Жеке пункт - Өскемен қаласының әкіміне бағытталды. Ол кинотеатрлардың, моншалар мен сауналардың, бассейндердің, театрлардың, мәдениет объектілерінің, кітапханалардың, мұражайлардың, фитнес-орталықтардың және спорттық-сауықтыру орталықтарының, тренажер залдарының, спорт кешендерінің, SPA-орталықтардың, SPA-салондардың жұмыс істеуіне тыйым салу керек. Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.