Өскеменде көліктерін заңдастырмақ болған тұрғындар алаяқтың құрбаны болды
Өскеменде өзін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырған алаяқ екі адамды алдап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам қаңтар айында шетелдік көліктерді заңдастырамын деп қомақты қаржы алған.
"Сотталушы шетелдік көлікті заңдастыру қызметімен шұғылдануға ешқандай құзыры болмаса да, екі көлік иесін алдап кетті. Алған ақшаны өз қажетіне жұмсаған", – делінген полиция хабарламасында.
Алаяқтық әрекеті үшін 28 жастағы қала тұрғынына 3 жыл 7 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”