Өскеменде келіншекті күйеуі көлікте босандырып алған
28 ақпан күні Елена Зайдель перзентханаға бара жатқан жолда таксидің ішінде босанып қалған. Келіншекке өзінің күйеуі көмектескен,-деп хабарлайды YK-news.kz сайты.
Владислав Зайдель қалада таксиші болып қызмет атқарады. Келіншектің күйеуі кез-келген мәселенің шешімін тауып кетуіне осы жұмысы да септігін тигізген болуы мүмкін. Ол әйелін еш қорықпастан босандырып алып, аналар мен балаларға арналған орталыққа жеткізіп салған.
Енді бұл отбасында алты бала болды. 28 ақпан күні күтпеген жерден жұптардың алтыншы ұлы дүниеге келген.
36 жастағы келіншек Белоусовкадағы үйінде толғағының басталғанын білген. Содан екеуі тез жиналып перзентханаға бет алған.
«Мен тездетіп перзентханаға жету үшін айтарлықтай асықтым. Себебі біздің бесінші баламыз жолда туылып қала жаздаған. Роберт перзентхананың жедел сатысында дүниеге келген. Күйеуім де соны бірден есіне алып, ауруханаға ертерек жеткізу үшін бәрін жасады»,-дейді әйел.
Еленаның толғағы шындап қысқан кезде олар енді жарты жолға жеткен еді.
«Күйеуім жалынғандай бар сөзін айтты «Лена ауруханаға дейін барынша шыда» деп қайталай берді»,-деп күледі келіншек.
«Толғақ қысып келе жатып,су кетіп қалды. Дереу көлікті жолдың жағасына тоқтатуға тура келді. Мен әлім келгенше Владты жұбатып тұрдым. Не істеу керектігін айттым. Қызығы еш қорыққаным жоқ, тәжірибеме сүйендім. Күйеуім “бала кіндігіне оралып қалған” деген кезде қорықтым. Тұншығып қалмаса екен деп отырдым. Бақытымызға орай бәрі жақсы аяқталды. Кіндікті балалар мен аналарға арналған орталыққа барған кезімізде дәрігерлер кесті. Әрине, менің күйеуім батыр!», – деп болған жайт жайлы айтып берді Елена.
Өзін қалай сезінгені жайлы баланың әкесі жұмыстастарына айтып беріпті.
“Нағыз еркек. Көлігінде әйел босандырғаны үшін” дейді алты баланың әкесінің жұмыстастары. Ол ” Қалай жасау керек болса соның бәрін істедім. Ол кезде еш қорықпадым. Кейіннен бәрін есіме алып, аяқ-қолым дірілдеп кетті. Бір кезде күлемін, тағы бір жағы балам дүниеге келді деп қуанып қоямын»,-деген такси қызметкерлеріне.
«Баламызға Эмилем деген есім бердік. Біз күйеуім екеуміз неміспіз. Күйеуімнің үлкен атасының есімі бұл. Күйеуім таксиші, мен «Қазцинк» компаниясында жүргізушімін. Баламыз көлікте туылғаннан кейін жақсы жүргізуші болуға міндетті»,-деп күледі келіншек.
Аналар мен балаларға арналған орталық дәрігерлері баланың да, ананың да жағдайы жақсы екенін айтып, жақын күндері үйлеріне жібермекші екендерін жеткізді. Бұл жұптың үлкен перзенті 17 жаста. Отбасында енді үш ұл, үш қыз болды.