AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде қаңғыған иттер қызды талап тастаған

Өскеменде мектеп қайтқан 15 жастағы қызға бірнеше ит шабуыл жасаған. Олар қызды жерге құлатып, талап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YKnews.kz басылымына сілтеме жасап.

иттер

"Біз "Шмель" кооперативінде тұрамыз. Жанында бірнеше гараж коопреативтері бар. Үйге баратын жол гараждардың жанында, айналма жол жоқ. Ал мұнда бірінші кооперативтердің маңында иттер көп. Жыл сайын көбейіп келеді. Басында өзіміз тамақтандырғанбыз, себебі жануарларға обал. Ешқашан адамдарға шаппаған. Тек үретін", – деді зардап шеккен қыздың анасы Вера Никитина.

Кооператив жанына келгенде қызға үлкен ақ ит жүгірген. Жерге құлатқан соң тағы бірнеше ит келіп, талай бастаған.

"Күртеше болып, қолына зақым келмеді. Тек жеңін жыртып тастады. Ал аяғын тістеген. Қызым қашамын деп сол жерде телефоны мен сөмкесін қалдырып кеткен.  Аяқ киімі де шешіліп қалған. Тек бір ғана етігімен газ құятын бекетке жүгіріп барған. Артынан иттер де қуыпты. Тағы да құлатып, таламақ болған", –  деп қосты Никитина. 

Қыз бекетке келген соң оған сол жердегі жұмысшы көмектескен екен. 

Ана мен бала орталығына қыз білегі, бөксесі мен оң жақ санындағы тістелген орындарға шағымданған. Қазір ол тиісті екпелерді алуда.

Жергілікті тұрғындар жануарларды аулау мәселесін бірнеше рет көтерген. Алайда бұл жер тұрғын үй аймағы болып саналмағандықтан, жануарларды аулау жұмысы жүргізілмейді екен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр