Өскеменде ер азамат бағасы 22 миллион теңгелік көлікті өртеп жіберді (видео)
Өскеменде белгісіз ер азамат бағасы 22 миллион теңге тұратын қымбат көлікті өртеп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. «Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары сол маңайдағы бейнебақылау камераларының жазбаларымен танысып шықты. Нәтижесінде түнгі сағат 02.00 шамасында ер адам көлікке жақындап, алдыңғы сол дөңгелегіне белгісіз сұйықтық төгіп, өртеп жіберген соң, бірден ізін суытқаны анықталды», - делінген ресми хабарламада.
Оқиғаға қатысы бар деген күдікті қолға түсіпті, ол 27 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Баспасөз қызметі ер азаматтың жұмыссыз екендігін атап өтті. Қ азіргі кезде оның не себепті бұл әрекетке барғаны анықталуда екен.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн