Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде ер адам несиесін өтеу үшін дүкен тонаған

Өскеменде бірнеше рет дүкен тонаған ер адам ұсталды. Анықталғандай ол несиесін өтеу үшін ұрлыққа барған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

ер адам скрин

Видеодан скриншот

Гүл сататын дүкенде ер адам сатушы әйелді бірнеше рет ұрып, кассадағы 14 мың теңгені ұрлап кеткен. Бірнеше күн өткен соң азық-түлік дүкенінен осыған ұқсас тағы бір арыз түскен. Бұл жолы ұры 100 мың теңгеден аса қаржыны алып кетіпті. 

Көп ұзамай полиция күдіктіні қолға түсірді. 30 жастағы ер адам ұрлық болған жерге жақын маңнан пәтер жалдаған. Ал тергеу кезінде қарызға белшеден батқанын, несиесін өтеу үшін ұрлыққа барғанын айтқан екен. 

"Полиция күдіктіні ұстады. Ол 30 жастағы облыс тұрғыны екен. Ұрлық деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін әрі қарай тергеу жүріп жатыр. Күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін", – деді Өскемен қаласы Ертіс аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділет Жұмекенов. 

Талқылау