Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде балалары анасының банк карточкасындағы ақшаны жұмсап тастаған

Шығыс Қазақстан облысында балалар анасына айтпай, оның банк карточкасын пайдаланған. Балалардың бұл қылығы қылмыстық іске алып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балалар

Өскемен қаласына полиция бөлімшесіне 42 жастағы әйелден әлдебіреулер оның банк карточкасынан 45000 теңгені рұқсатсыз шешіп алды деген шағым түскен. Аталмыш оқиға бойынша полицейлер "Интернет алаяқтық" бабы бойынша сот алды тергеу ісін бастап кетеді. 

"Тергеу шараларының нәтижесінде арызданушы әйелдің балалары онлайн ойынның кейіпкерлерін сатып алып, оның ақсын төлеуге анасының банк карточкасын пайдаланғаны мәлім болды", - деді ШҚО ПД басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов. 

STAN.KZ
Жұма, 14 Тамыз, 2020 11:06
Талқылау