AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зиратында істі соңына дейін жеткіземін деп уәде бердім": Өскеменде анасы мен нәрестенің өліміне туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр

Өскеменде жаңа босанған әйелдің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Айжан Мержақыпова Ана мен бала орталығында қаза тапқан. Нәрестені де аман алып қала алмаған екен. Туыстарының айтуынша, қайғылы жағдайға дәрігерлер кінәлі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KTK арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

ана өлімі 

37 жастағы Айжан Мержақыпованың жақындары жақсы жаңалық күтіп, отбасының үлкейетініне қуанғандарын айтады. Марқұмның күйеуі 6 жасар баласына анасының өлімі жайлы әлі айтпаған. Оның сөзінше, 14 қазанда әйелін Ана мен бала орталығына алып кеткен. Ал 16 қазан күні толғағы басталып, Қанатты шақырған. Ол бір нәрсе қажет екен деп ойлағанын айтады. Бірақ дәрігерлер Айжан мен нәрестенің өлімі жайлы хабарлаған. 

"Мен бұл істі шешуді талап етемін. Өз ісіне салғырт қарағандарды жауапқа тартады деп үміттенемін. Жарым үшін істеген ең соңғы нәрсе болсын. Оның зиратында істі соңына дейін жеткіземін деп уәде берген болатынмын", - деді Қанат Мержақыпов. 

Жақындарының сөзінше, босану кезіндегі дәрігерлердің іс-әрекеті күдік тудырған. Толғақ басталғанда Айжанның әпкесі серік ретінде келген. Бірақ осы кезде Айжанның әлсіреп қалғанын айтады. Бұған қарамастан дәрігерлер Айжанға мүлде келмеген. Тек туыстары шу шығарған соң ғана назар аударған. Айжан босана алмай ұзақ қиналған, ал құрылғы нәрестенің жүрек соғысы 200-ге дейін көтерілгенін көрсеткен. Айжан кесар отасын жасауды сұрапты. Алайда дәрігерлер өздері де абдырап қалған және "Бұл үшін ешқандай деректер жоқ" деп айтқан.

"Дәрігер "Әйелді мұндай күйде қабылдамайды, нәресте қысылып қалған. Ота бөлімі де қабылдамайды" деді. Сосын дәрігер "Қазір баланы кері орнына қоямыз, сосын жібереміз" деп айтты. Дәрігер нәрестені кері жібергенде, Айжан қатты тырмыса бастады. "Енді тырмыспа, қазір сені осылай жөнелтеміз" деді", – деп мәлімдеді марқұмның әпкесі Әсел Иманқұлова. 

Ота бөлімінен хабар болмаған, тек бір жарым сағаттан кейін Айжан мен нәрестенің өлімі жайлы айтқан. Нақты не болғаны туралы дәрігерлер мәлімдемепті. Тек босану кезінде қиындық туындап, Айжанның жүрегі көтере алмағанын хабарлаған екен. 

"Босану барысында қағанақ суының эмболиясы болған. Бұл алдын ала қойылған диагноз. Ота бөліміне барған соң, жүрегі тоқтап қалған. Сұрақтардың барлығына арнайы комиссия жауап беретін болады", – деді Өскемен қаласы бас акушер-гинекологы Марат Көксегенов. 

Айжанның туыстары әйелде қағанақ суының аздығы және қан қысымының жоғары болғанын, осыған байланысты дәрігерлер де мұқият қарамағанын айтады. 

Айжан 37 жаста болған және артында екі баласы қалды. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр