Өскеменде 9 жасар қыз автобустың астына түсіп мерт болды
Өскемен облысындағы Согра кентінде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған өткелде 9 жасар қызды қағып кетті. Салдарынан қыз оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Жол-көлік оқиғасы 16 мамырда түскен сағат 17:00 шамасында болған.
ІІД мәліметінше, Согра кентінен қалаға қарай бағыт алған 46 жастағы автобус жүргізушісі Абай даңғылының бойында кәмелет жасқа толмаған баланы қағып кеткен. Жүргізуші жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбеген.
Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз:
Астанада жасөспірім әкесінің көлігімен екі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыда өрт сөндіру көлігі әйел адамды қағып кетті
Алматыда жас жүргізуші өз көлігінің астына түсіп мерт болды (фото)
Екібастұзда ер адам 12 жасар қызды аңдып жүріп лифтіде зорламақ болды