Өскеменде 40-қа жуық полиция жабылып іздеген қыз үйінен табылды
Өскеменде жоғалып кетті деген кәмелеттік жасқа толмаған қыз өз үйінің шатырынан табылды. Қыз баланың бұлай жасырынуына анасымен арада болған ұрыс себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сурет: Қарлыға Бүйенбай
7 тамыз күні қала тұрғыны 2007 жылы туған қызының жоғалғанын айтып полицияға келеді. Полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарына кіріседі. Қырыққа жуық полиция ауланы аралап, көршілерден сұрастырып, төңіректің бәрін шолып шығады.
Қыз бала ертесінде табылды. Кейін оның осы уақыт бойы үйдің шатырында тығылып жатқаны белгілі болды. Ол бұл әрекетін анасымен ұрысып қалғанымен түсіндірді. Дәрігерлер баланы тексеріп, денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ екенін анықтады.
Дәл қазір ювеналды полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ