Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде 23 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті

Өскеменде үш күн бұрын үйден шығып кеткен 23 жастағы қыз қайта оралмаған.

20161117kymbat_1

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

14 қараша күні таңертең Қымбат Орынбайқызы жұмысқа шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Қыз “Император” сауда үйінде жұмыс жасайды екен. Осыдан соң ол мүлде байланысқа да шықпаған.

“Біз полицияға хабарластық. Онда мамандар оның сим-картасы соңғы рет сол күні “Турист” қонақүйі орналасқан ауданнан байланысқа шыққанын айтты”, – дейді ағасы Сымбат Орынбайұлы.

Қымбат сол күні қара күртеше, қоңыр-жасыл аяқ киім киген. Өзімен бірге қара түсті сөмкесі болыпты. Егер кімде-кім Қымбатты көрген болса мына нөмірлерге хабарласа алады: +7 (776) 188-88-90 (Сымбат) және 8 (777) 988-22-99 (Алуа).

 

Талқылау