Өскемен тұрғындарын қанға боялған аялдама шошытты
Өскемен тұрғындарын қанға боялған жылы аялдама шошытты. Куәгерлер оның суретін ғаламторға жариялады. Өскемендегі аялдама павильонында не болғанын полиция айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Суретте жылы аялдамадағы еденде және орындықтарда қанның іздері көрінеді. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.
"27 желтоқсанда 54 жастағы қала тұрғыны медициналық мекемеге дене жарақатымен жүгінді. Аялдаманың жабық павильонында ол танысымен жанжалдасып, дене жарақатын алғаны анықталды", - деп хабарлады органда.
Күдіктінің анықталғаны, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”