Өскемен тұрғыны көшеде тыржалаңаш жүруінің себебін түсіндірді
Өскеменде іш киімдегі ер адам көшені судан тазартты. Еріген қар суы көлік қозғалысына кедергі келтірген соң жергілікті тұрғын ерекше қадамға барған. Ол іш киімге дейін шешініп, құдықтардың қақпағын ашты,-деп хабарлайды ктк арнасы
Белгісіз азаматтың ерлігі бейнеленген видео бүгін әлеуметтік желілерде тарады. Ролик авторының айтуынша, оқиға ақпанның 29-ы күні болыпты.
Жігіттің өзі автокөлік жүргізушісі болуы мүмкін. Коммуналшылардың сылбырлығына қарны ашқан ол көшені осылайша судан тазартуға талпыныпты. Ал көше бүгін құрғап қалған. Бұл шешініп судан тайынбаған жүргізушінің әрекетінен бе, әлде артынан келген коммуналшылар жұмысының нәтижесі ме, ол жағын тап басып айту қиын.
«Жер астындағы сорғыны ашқан кезімізде оның күйіп кеткенін байқадық. Пакет оратылып қалғандықтан ішкі механизмі істен шығыпты. Салдарынан су көшеге жайылған»,-дейді Өскемен қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов
Талқылау