Өскемен прокуроры уақытша қызметінен шеттетілді
Фото: altainews.kz
Өскемен қаласының прокуроры Тимур Шақпантаев қызметінен уақытша шеттетілді. Мұны Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде қол астындағы қызметкерлерін ұрды деген күдікпен қала прокурорына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады.
"Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. "Құқық қорғау қызметі туралы" заңына сәйкес, ол жауапкершілігіне қатысты шешім қабылданғанға дейін уақытша қызметінен шеттетілді", – делінген хабарламада.
Сот Алматыда мас күйінде ұсталды деген прокурорға заңды бұзбаған деген шешім шығарды
Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
Қадағалау органының мәліметінше, бұған дейін қала прокуратурасының басқа да қызметкерлеріне қатысты тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде кейбір фактілер расталып, бірнеше қызметкер қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Тимур Шақпантаев Өскемен қаласының прокуроры болып 2024 жылдың маусым айында тағайындалған. Бұған дейін Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында мас күйде шу шығарып, жазадан құтылып кеткен прокурор айыппұл арқалағаны туралы жазған едік.

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
