Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен мен Семей тұрғындарына қалада жүріп-тұруы үшін рұқсат қағазын қайдан алуға болатыны айтылды

6 сәуірден бастап Өскемен қаласының тұрғындары облыс орталығында жүріп-тұруы үшін рұқсат қағазын алуы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантин

Рұқсат қағазы жоқ тұрғындардың қала ішінде жүріп-тұру шектеледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Жақсылық Омар мәлім етті.

"Бірінші типті рұқсатнама бойынша қала тұрғындарын медициналық қызметпен, сондай-ақ су, электр және жылумен жабдықтау, авариялық қызметтер, қаланы дезинфекциялау, ҚТҚ жинау және кәдеге жарату, телекоммуникация, көлік және әлеуметтік қызметті қамтамасыз ету қызметтері саласында еңбек ететін адамдарға беріледі",  - деді Жақсылық Омар.

Қала тұрғындарының жүріп-тұруы үшін оларға екінші типті рұқсатнама беріледі. Сол арқылы өскемендіктер аптасына үш рет сауда объектілеріне, дәріханалар мен банктерге, сондай-ақ медициналық мекемелерге бара алады. Алайда рұқсатнаманың мұндай түрі бір пәтерге біреуден ғана беріледі. Ал жасыл рұқсатнама жұп күндеріне ғана жарамды болса, ақ рұқсатнама тақ күндеріне арналған. Брифингке қатысқан қала әкімі осылай деді.

"Рұқсатнамалардың мұндай түрін алу үшін көпқабатты тұрғын үйлердің иелері 1-сәуірден бастап ПИК-ке және кондоминиумға бара алады. Ал жеке секторда тұратын адамдар рұқсатнаманы ЖБК филиалдарынан ала алады. Рұқсатнаманы 6-сәуірге дейін алу керек. Беру уақыты 08.00-ден 00.00-ге дейін жүргізіледі", - деп қосты әкім.

Бұған дейін Қазақстанның тағы бір облысында шектеулер енгізілетіні айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр