Өскемен әуежайы басшылығы бес жыл бойы ақша жымқырған деген күдікпен қамауға алынды
Фото: airport-uk.kz
"Өскемен әуежайы" АҚ басшылығы өкілеттіктерін асыра пайдаланған, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденген және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырған деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы монитрингі агенттігі тергеу аяқталғанын мәлімдеді.
"Бес жыл бойы акционерлік қоғамның бұрынғы президенті мен өзге де лауазымды тұлғалары еңбекақыны негізсіз көбейту, жалған сыйақылар мен жалған шарттар жасау арқылы жүйелі түрде ақша жымқырған. Жымқырылған қаражат кейін касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қоғамға тиесілі көлік құралдары бухгалтерлік есептен шығарылып, нарықтағы құнынан бірнеше есе төмен бағамен сенімді тұлғаларға сатылған", – делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ қоғамның коммерциялық нысандары жеңілдетілген шарттармен жалға берілгені анықталған: яғни, жалдау ақысы төмендетіліп, нақты жалға берілген аумақ азайтылып көрсетілген.
Күдіктілердің заңсыз әрекетінен мемлекетке жалпы 157 млн теңге залал келтірілген.
"Сот санкциясымен күдіктілердің 126 млн теңге көлеміндегі мүлкіне (4 пәтер, жер учаскесі және 2 автокөлік) тыйым салынды", – делінген хабарламада.
Күдіктілер қамауға алынды.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
