Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемен әкімі орынбасарына қызметтік көлікпен жүруге тыйым салды

Өскемен әкімі Қуат Тумабаев орынбасары Расул Манаповқа 2 айға дейін қызметтік көлікпен жүруіне тыйым салды.

Фото: Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен

Одан бөлек орынбасары «ӨскеменТәртіп» коммуналды кәсіпорнында 20 сағат жұмыс істеп өтеуі тиіс. Өйткені, Расул Манапов жұмыстан тыс күні демалыс орнына қызметтік көлікпен барған, деп жазады yk-news.kz.

Қала әкімдігінің желідегі ресми парақшасында әкімнің ше+неунікті жазалағаны жөнінде ақпарат жарияланды.

«Өскемен әкімі Қуат Тумабаев орынбасары Расул Манаповқа екі айға дейін қызметтік көлікпен жүруге тыйым салды. Ол бүгіннен бастап 1 қаңтарға дейін қоғамдық көлікпен қатынайтын болады», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметіндегілер Расул Манаповтың өкініш білдіретінін атап өтті. Ол мемлекетке өтемақы төлеп, 20 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттелген.

Олег Крук

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаевқа хат жазды

12 жыл бірге болдық: Илья Ильин әйелімен ажырасқаны жайлы айтып берді

Мұндай жанрды ешкім қолға алған емес: Баян Есентаева мюзикл түсірмекші

Талқылау