Өскеменде екі жыл бұрын 600 миллион теңгеге жөндеуден өткен көпір опырылып түсті
Фото: Видеодан скрин
Өскеменде бюджеттен 600 миллион теңге бөлініп, жақында жөндеуден өткен Шнайдер көпірі опырылып түсті. Жергілікті әкімдік оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір көпірдің опырылуына байланысты арнайы бөлімшелер жұмылдырылып, оқиғаның салдарын жою үшін жұмыс істеп жатыр.
Өскемен әкімі Алмат Ақыжанов төтенше жағдайға қатысты пікір білдіріп, үш күн бойы қатты жауын-шашын жауғанын, салдарынан өзен деңгейі көтерілгенін айтты. Қала басшысы көпірдің жақын арада қалпына келтірілетініне уәде етті.
“Жағдайды бағалау үшін біз Алматыдан мамандар шақырдық. Өкініштісі, мұнда екі жыл бойы жөндеу жүргізіліп, 600 миллион теңге игерілген еді. Тексеру жүргіземіз, мердігерлер осында, кепілдік міндеттемелері бар, соның негізінде олар көпірді қалпына келтіреді”, – деді Алмат Ақынжанов.
Шаһар басшысы көпірдің қаладағы көлік жүктемесін азайтып келгенін алға тартты. Сол себепті өткелді 2-3 ай ішінде қалпына келтіреміз деп сендірді.

Қазақстандық исламтанушы мигранттардың діни ахуалға әсерін айтып берді
