Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскелең ұрпақтың алдындағы міндетіміз: Премьер-министр Астананың жаңа атауына қатысты пікір білдірді

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Астананың Нұр-Сұлтан деп өзгертілуіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Қазақпарат-қа сілтеп.

Өскелең ұрпақ алдындағы міндетіміз: Премьер-министр Астананың жаңа атауына қатысты пікір білдірді

Премьер-министр, Тұңғыш президенттің құрметіне қаланы қайта атау маңызды және тарихи оқиға екенін атап өтті.

«Бүгінде біздің көз алдымызда тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресінде жаңа бет ашылды. Сондықтан мемлекетіміздің және жаңа елорданың негізін қалаушы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін тарихта белгілеу біздің жас ұрпақ алдындағы міндетіміз болып табылады», - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуының қозғаушы күші болды.

«Жаңа елорданың қалыптасуының алғашқы жылдарында Елбасы «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасымен бастама көтеріп, тек елорданың ғана емес, сонымен бірге елдің барлық өңірлерінің дамуына қуатты серпін берді. Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі жыл сайын артып келеді. Бұл, әрине, біздің Елбасымыздың еңбегі. Астананы Тұңғыш президенттің атымен атау – өте әділ және уақтылы шешім. Жаңа атаумен Елорданың алдында бұрынғыдан да биік және үлкен мақсаттар күтіп тұр. Сонымен қатар, бұл жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жауапкершілік»,- деді премьер-министр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау