Өскемен тұрғыны иегімен сурет салады
Өскемендегі облыстық драма театрда «Туған ел – алтын бесігім» акциясының қорытындысы шығарылып, өңірдің мәдениет саласының үздіктері марапатталды.
«Аймақтың барлық өнерпаздарын алдағы мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймын. Осы мереке қарсаңында акцияның қорытындысын шығаруды жөн көрдік», деп өзінің құттықтауын жеткізген облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов өңірдің бірнеше өнерпазына облыс әкімінің сыйлықтарын табыс етті, деп жазады «Егемен Қазақстан».
Бұл күні қолымен емес, қылқаламды иегінде ұстап тұратын арнайы қондырғының көмегімен сурет салатын өскемендік қылқалам шебері Сергей Елисеев «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша үздік деп танылды. Бүгінде 60-қа жуық картина авторының суреттерінің дені − пейзаж жанрында.
«Бұл сыйлық – ұлымыз үшін үлкен қуаныш. Сыйақының қаржысын бірінші кезекте оның шығармашылық қабілетін одан әрі шыңдауға жұмсайтын боламыз», дейді суретшінің әкесі Валерий Елисеев. Аталмыш шараның қорытындысы бойынша Жарма ауданы бас жүлдені еншілеп, «Туған ел – алтын бесігім» акциясының ауыспалы өнер кубогын осымен тоғызыншы жыл қатарынан иеленді.
Тағы да оқыңыз:
Астанада өзенге құлаған екі адамды құтқармақ болған куәгер де суға батып кетті
19 жылдан бері түрмеде отырған Қазақстан азаматы Дубай сотынан кешірім беруін сұрады