"Оскар – 2026" сыйлығына үміткерлер белгілі болды

АҚШ Киноакадемиясы “Оскар – 2026” сыйлығының номинанттар тізімін жариялады. Биыл басты мүсінше үшін танымал жұлдыздармен қатар жаңа есімдер де бақ сынайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Оскар – 2026” марапаттау рәсімі 15 наурыздан 16 наурызға қараған түні өтеді. Салтанатты кештің жүргізушісі тағы да Конан О’Брайен болады.
Биыл бірден бірнеше номинацияға “Грешники”, “Одна битва за другой”, “F1” және “Простая случайность” фильмдері ұсынылды. Бұл туындылар алдағы салтанаттың басты фавориттерінің бірі саналып отыр.
Екінші жоспардағы үздік әйел рөлі
Бұл санатта бес актриса ұсынылған:
-
Эль Фэннинг – “Сентиментальная ценность”;
-
Инга Ибсдоттер Лиллеас – “Сентиментальная ценность”;
-
Эми Мэдиган – “Орудия”;
-
Тияна Тейлор – “Битва за битвой”;
-
Вунми Мосаку – “Грешники”.
Екінші жоспардағы үздік ер адам рөлі номинациясында марапатқа үміркерлер: Стеллан Скарсгард – “Сентиментальная ценность”, Джейкоб Элорди – “Франкенштейн”, Бенисио Дель Торо – “Битва за битвой”, Шон Пенн – “Битва за битвой” және Делрой Линдо – “Грешники”.
Үздік әйел рөлі номинациясы үшін Джесси Бакли – “Хамнет”, Роуз Бирн – “Я бы тебя пнула, если бы могла”, Кейт Хадсон – “Мелодия из мечты”, Рената Рейнсве – “Сентиментальная ценность” және Эмма Стоун – “Бугония” бақ сынаспақ.
Үздік ер адам рөліне номинанттар: Тимоти Шаламе – “Марти Великолепный”, Леонардо Ди Каприо – “Битва за битвой”, Итан Хоук – “Голубая луна”, Майкл Б. Джордан – “Грешники” және Вагнер Моура – “Секретный агент”.
Үздік режиссер
Жеңіс үшін таласатындар:
-
Райан Куглер – “Грешники”;
-
Пол Томас Андерсон – “Битва за битвой”;
-
Хлоя Чжао – “Хамнет”;
-
Йоаким Триер – “Сентиментальная ценность”;
-
Джош Сэфди – “Марти Великолепный”.
Үздік бірегей сценарий номициясы үшін таласын фильмдер қатарында “Голубая луна”, “Простая случайность”, “Марти Великолепный”, “Сентиментальная ценность” және “Грешники” бар.
Үздік анимациялық фильм номинациясына үміткерлер: “Арко”, “Элио”, “K-Pop охотницы на демонов”, “Маленькая Амели” және “Зверополис 2”.
Үздік шетелдік фильм категориясында “Секретный агент”, “Простая случайность”, “Сентиментальная ценность”, “Сират” және “Голос Хинд Раджаб” бар.
Үздік визуалды эффектілер
-
“Аватар”;
-
“F1”;
-
“Возрождение мира Юрского периода”;
-
“Потерянный автобус”;
-
“Грешники”.
Фильмге арналған үздік музыкалық сүйемелдеу атағы үшін үміткерлер қатарына “Бугония”, “Франкенштейн”, “Хамнет”, “Битва за битвой” және “Грешники” кірді.
Үздік ән
-
Dear Me, “Дайан Уоррен: Неумолимая”;
-
Golden, “K-Pop охотницы на демонов”;
-
I Lied to You, “Грешники”;
-
Sweet Dreams of Joy, “Viva Verdi”;
-
Train Dreams, “Сны поездов”.
Үздік фильм номинациясына “Бугония”, “F1”, “Франкенштейн”, “Хамнет”, “Марти Великолепный”, “Одна битва за другой”, “Секретный агент”, “Сентиментальная ценность”, “Грешники” және “Сны поездов” таласпақ.
Кинокритиктер Леонардо Ди Каприоның жеңісіне ерекше мән беріп отыр. 2026 жылы актер “Одна битва за другой” фильміндегі үздік ер адам рөлі үшін номинация алды. Егер жеңіске жетсе, бұл оның мансабындағы екінші “Оскарф” болады.
Номинанттардың толық тізімі Киноакадемияның ресми сайтында жарияланған.
Айта кетейік, бұған дейін “Аватар” картинасында “Нейтири” рөлін сомдаған Зои Салдана кино тарихындағы ең табысты актриса атанғаны хабарланған еді.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды