Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осы жыл туристік маусымға айналады". Еуропа елдері мен Түркия туристерді қашаннан бастап қабылдайды?

Италия, Испания, Түркия туристерді қабылдауға дайындалып жатыр. Венецияға карантиннен кейін алғашқы туристер келе бастаған. 3 маусымнан бастап Еуроодақ елдеріне қалаға кіруге рұқсат етіледі. Ал Түркия туризмді сертификаттау жүйесін іске қосқан. Осы арқылы ел индустрияны сақтауды шешіп отыр. Испания болса, футбол матчтарын өткізуді қайта бастамақ. Осылайша әлемде карантиндік шаралар жеңілденді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро-ға сілтеме беріп хабарлайды.

Венецияда басқа сақтық шараларымен қоса, маска кию талабы сақталып отыр. Кейбір жерлерде ашық аспан астындағы кафе, ресторандар ашылып үлгерген. Әзірге қалаға тек жақын маңдағы қалалардың тұрғындарына ғана рұқсат етіліпті.

3 маусымнан бастап Еуроодақ елдері туристер үшін әуе жолдарын ашады. Шектеулер сонымен бірге, кинемотографтар үшін де жеңілдетілген. Келесі аптадан бастап Италияға "Миссия невыполнима" сиквелінің келесі шығарылымының түсірілімі басталмақ. Венеция үшін туризм өте маңызды сала. Жыл сайын қалаға 30 миллион турист келеді екен.

Ал COVID-тан 28 000 адам көз жұмған Испания 8 маусымнан бастап футбол чемонаттарын өткізуді жоспарлап отыр. А категориясы бойынша 11 матч жоспарланып үлгерген, алайда әзірге ойын жабық стадионда өтеді. Одан бөлек, кафе, ресторандар да жұмысын бастаған.

Испания премьер-министрі Педро Санчес өз мәлімдемесінде осы жыл туристік маусым болатынын айтқан. 

"Күнделікті өмірге қайта оралатын сәт жетті. 8 маусымнан бастап Лига қайта жалғасатын болады. Осы жылы туристік маусымға айналатынын жариялаймын",- деді ол өз сөзінде. 

Ал Түркия болса, маусымның аяғынан бастап туристерді қабылдай бастайды, жергілікті тұрғындар үшін жағажайға келесі аптадан бастап баруға рұқсат етілген. Туристік объектілер сертификациядан өтетін болады. Оның ішіне көлік, қонақүй, жатын бөлмені тексеру жұмыстары кіреді екен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр