Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осы жерде нүктесін қояйын": Қамаудан шыққан Алмас Кішкенбаев мәлімдеме жасады

Бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған әнші Алмас Кішкенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші соттың шешімі шықса да, өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. 

“Армысыздар! Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін дегенмін. Бәрі жарыса жазыпты. Біріншіден, осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген барлық жандарға алғысымды білдіремін. Қолдау білдірген жандар қаншалықты көп болса, хайп қуған, рейтинг қуған жандар да көп болды. Барлығы, Құдайға шүкір, аяқталды. Соттың шешімі бар, мен заңнан биік емеспін, заңға бағынамын. Бірақ маған тағылған айыппен келіскен емеспін, келіспеймін де. Енді бұдан былай бұл ақпарат жөнінде маған сұрақтарыңызды қоймасаңыздар болады. Осы жерде өз нүктесін қояйын, айтарым осы. Аман болыңыздар”, – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алмас Кішкенбаевтың 17 жастағы жасөспірімге тиіскені үшін ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеме жасап, Кішкенбаевтың “бұзақылық” бабымен жауапқа тартылғанын айтты. 

Талқылау