Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Осы жазда автомобиль сатып алуға қалай үнемдеу керек?

Карантин мен жинақтауыштарды жеткізудегі кідірістер автомобиль нарығының әдеттегі өмір ағымын бұзды. Ал валюта бағамдарының ауытқулары бағаларға еріксіз әсер етеді. Бірақ, қазақстандық  LADA сатып алушылар өздерін тапшылықтан және бағаның өсуінен сақтандыруға мүмкіндікке ие болды. 

Granta және 4x4 – халықтық маркілі модельдерді енді қайтадан арнайы бағалармен сатып алуға болады. «LADA Granta – 2 820 000 теңгеге дұрыс таңдау» және «Аңызға айналған жол таңдамайтын автомобиль 3 400 000 теңгеге» бағдарламалары маусымда өз жұмысын қайта бастады. 

БИПЭК

Алғашқы рет мұндай мүмкіндік қазақстандықтарда 2019 жылғы желтоқсанда пайда болған. Бағдарламаның алғашқы қатысушыларының қатарында Александр Грузицкий, Қарағандыдан: 

 «Мен автомобильге ұзақ уақыт ақша жинадым және бағаның төмендегені туралы білгенде, бірден салонға бардым. Баға дәл жарнамадағыдай болды. Ол үшін үш ай күте тұруға да болар еді. Үнемі қоңырау шалып, ақпарат беріп отырған менеджерге рақмет. Маған «БИПЭК АВТОДАҒЫ» клиенттермен қарым-қатынас өте ұнады». 

БИПЭК

Бүгінгі күні LADA Granta – Қазақстан нарығындағы ең қолжетімді автомобиль. Жол таңдамайтын автомобильдер сегментінде LADA 4x4 сондай автомобиль болып қалады. 

БИПЭК

Жаңа автомобильге қызғушылықты түсіну жеңіл. Автосалоннан нөлдік жүрген жолы бар машинаны сатып ала отырып, клиент даусыз артықшылықтарға: кепілдікке, сервиске, қауіпсіздікке ие болады. 

«Сенімділік, тиімділік, қызмет көрсетудегі жеңілдік – осы қасиеттері үшін LADA автомобильдерін көптеген жылдар бойы бағалайды, тіпті екінші нарықта да», – деп атап айтты «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ сату департаментінің директоры Ренат Мухамедов. - Мысалы,  LADA Granta 2 820 000 теңгеге. Бұл тек дұрыс таңдау ғана емес, қаражатты салу көзқарасы тұрғысынан да өте пайдалы таңдау. 

Не туралы сөз етіп отырғанымызды түсіндіріп көрелік. 2020 жылғы наурыз-сәуірде теңгенің айтарлықтай бәсеңдеуі болды. Нәтижесі – сатып алу бағаларының жоғарылауы. Соның ішінде автомобиль бағаларының да. Жалпы сегменттегі жаңа автоның жекелеген модельдерінің бағалары 1 миллион теңгеге, ал жүрген жолы бар автомобильдердің бағалары 20%-ға дейін өсті. Сондай-ақ пайдаланудың бірінші жылында жаңа автомобиль әдетте өзінің бастапқы құнынан  15-20% жоғалтатынын ұмытпау керек. Бірақ, «LADA Granta – дұрыс таңдау» жағдайында девальвацияға, бағаның өсуіне немесе өзіндік құнын жоғалтуға байланысты тәуекелдер мүлде қорқынышты емес. Ол бұрынғы бағамен әлі күнге дейін сатып алуға болатын, бірегей өнім, ал екінші нарықта қайта сату нәтижесінде ол тек қымбат болады. 

Одан басқа, біздің клиенттеріміз үшін біз ыңғайлы талаптары бар кредиттік ұсыныс та дайындадық – БИПЭК Финанс бағдарламасы бойынша алғашқы жарна 10%-дан бастап. «LADA Granta – 2 820 000 теңгеге дұрыс таңдау» және «Аңызға айналған жол таңдамайтын автомобиль 3 400 000 теңгеге» бағдарламалары біздің бестселлер модельдерді одан да тартымды етеді». 

БИПЭК

Барлығымыз үшін күтпеген жағдай болған COVID-19 пандемиясы автоөндірушілердің жұмысына өз түзетулерін енгізді. Бірақ, «АЗИЯ АВТО» ұжымы өзіне алған міндеттемелерді барынша орындауға арналған жұмыс режимін құруға қол жеткізді.  Іс жүзінде барлық автомобильдер мерзімінде берілді. Шілдеде ТЖ кезеңіне дейін тапсырыс берілген автомобильдерді беру аяқталады. 

Жаңа LADA Granta иесі атанған Семейдегі Мәди Манапов: «LADA Granta-ны 2 ай жүргізіп жүрмін, машина өте ұнайды. Бағасы өте жақсы. Мен осы бағдарлама бойынша автомобиль сатып алғаныма өте қуаныштымын», - деп өз әсерлерімен бөлісті. 

БИПЭК

Компанияның сайтына өтінім бере отырып,  қашықтықтан «LADA Granta – 2 820 000 теңгеге дұрыс таңдау» және «Аңызға айналған жол таңдамайтын автомобиль 3 400 000 теңгеге» бағдарламаларының қатысушысы болуға болады.  «БИПЭК АВТО» менеджерлері өздері  қажетті құжаттарды рәсімдейді. 

Ренат Мухамедов, «БИПЭК АВТО Қазақстан» АҚ сату департаментінің директоры

«Бүгінгі реалийлерде автомобиль жай ғана қозғалыс құралы ғана емес өз денсаулығымызды қорғау тәсілі де болып отыр. Пандемия жағдайында – ол көліктің ең қауіпсіз түрі екенін мойындауға тұрарлық. Біздің отандастарымызға мықты денсаулық тілейміз және «БИПЭК АВТО» автоорталықтарында күтеміз»!». 

 

Талқылау