Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Осы тіспен-ақ екі әйел алып отыр": Желідегілер Айдарқұловқа брекет киюге кеңес берді

Желідегілер Айдарқұловқа брекет киюге кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы тіспен-ақ екі әйел алып отыр

Актер желідегі парақшасында балаларымен түскен суретін жүктеп, отбасымен демалысты қалай өкізгенді жөн көретінін айтып берген. Айдарқұловтың отбасы Медеуге барып, таудың таза ауасын жұтып, сергіп қайтқан. 

"Мен балалармен уақыт өткізген сайын, табиғатқа жақын болуға тырысамын! Бүгін балалар үшін күшті крест ұйымдастырдық. Біз Медеуге барып, 842 баспалдақпен көтерілдік. Абдурахман бірінші болып шықты! Жарайсың! Осының бәрі үшін құдайға шүкір", - дейді Дәурен Айдарқұлов.

Алайда, жұрт өнер иесінің отбасына емес, өнер иесінің сыртқы бейнесіне қатты мән берген. Тісіңе брекет таққаның жөн болар деп кеңес берді желідегілер. Сонымен қатар, тісі қисық болса да екі рет әйел алғанын айтуды ұмытпаған. 

"Тісіңе брекет кисеңші", "Осы қисық тісімен қазақтың ең әдемі қызына үйленді. Егер тісі түзу болса не болар еді", "Қайда қарап ғашық болған Бота", "Осы тіспен-ақ екі әйел алып отыр", - деп пікір білдірді жұрт. 

Талқылау