Осы рейстен соң басқа жұмысқа ауыспақ болған: Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан бортсеріктің әкесі қызы туралы айтты
Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан бортсерік Хокума Әлиева осы рейстен соң жұмысын ауыстырмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Әлеуметтік желіден
Ақтаудағы апаттан аман шыққан жолаушылар ұшақты басқарған экипаж мүшелерінің жанкештілігінің арқасында тірі қалғанын айтты. Әсіресе, "Бәрі жақсы болады" деп адамдарды сабырға шақырып, төтенше жағдайдағы қауіпсіздік ережесін түсіндірген бортсерігі Хокума Әлиеваның ерлігін ерекше атап өтті.
Жолаушылардың айтуынша, қызметкердің бұл әрекеті ондаған азаматтың өмірін сақтап қалған. Бірақ өкінішке қарай міндетін соңына дейін атқарған бортсеріктің өзі апатта ажал құшты. Хокума Әлиеваның ата-анасының айтуынша, қыздары осы сапарды аяқтаған соң, стюардесса қызметінен заңгер мамандығына ауысуы керек болған.
-
"30-ға жуық адамның аман қалуы таңғажайып жағдай": Маңғыстауда апат болған ұшақтың капитаны тәжірибелі ұшқыш болған
“Қызым 33 жаста еді. Оның AZAL компаниясында жұмыс істегеніне биыл 9 жыл болған. Өте ауыр жағдай. Аман қалғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін”, – дейді Хокума Әлиеваның әкесі Джалил Әлиев.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудағы ұшақ апатында аман қалған бортсеріктер Зулфугар Асадов пен Айдан Рахимли оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.
Еске салсақ, бұған дейін Еске салсақ, 25 желтоқсанда Әзірбайжан әуе жолдары компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам, 62 жолаушы мен 5 эпипаж мүшесі болған.