Осы күзде доллар бағамы қандай болады? Сарапшылардың болжамдары
Осы күзде доллар бағамы қандай болады? Теңгеден не күтуге болады? Бұл мәселелер коронавирус дағдарысы жағдайында көптеген қазақстандықтарды алаңдатады. Кейбір қаржылық сарапшылар АҚШ валютасы нығая береді деп санайды. Теңгенің құнына Ресей рублі де әсер етеді. Егер көршіміздің валютасы қатты құлдырай бастаса, онда теңгені де өзімен бірге құрдымға әкетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
"Теңге үшін жағымсыз жағдай - пандемия, ол әлі бар, еңсерген жоқпыз, жақын арада да олай болмайды. Мәселе келесі жылы немесе одан кейінгі жылдары шешілуі мүмкін. Сондықтан мен теңгенің нығаюына ешбір себеп көріп тұрған жоқпын. Керісінше, доллар аз-аздан көтеріледі. Менің осы күзге, жылдың соңына болжамым теңге бір доллар үшін 430-440 теңгеге дейін құлдырауы мүмкін", - деді "Астана-Инвест" қаржылық аналитигі Серік Қозыбаев.
Ал басқа сарапшылардың пікірінше, теңгенің нығаюына себеп бар, ол - мұнайдың тұрақты бағамы. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қара алтын қымбаттайды деген болжам да бар. Сондықтан, күзде теңге бағамы көтерілеуі мүмкін деген үміт бар. Ал қазір 1 доллар шамамен 420 теңгеге сатылуда.
"Валюталық қаржылар қазір көбіне валюталық нарықта сатылып жатыр. Тиісінше, бұл теңгеге қолдау береді. Күзде, доллар бағамы 410-420 болып қалады деп ойлаймын", - деді Freedom Finance қаржылық аналитигі Данияр Оразбаев.
Қазақстанда 2021 жылға арналған доллардың болжамды бағамы анықталды

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
